Біреудің өтелмеген еңбегі. ~ Екіншіден, жылқы баққан екі-үш жылда қарақосқа деп Ақжігіт байдың берген азды-көпті соғымын місе тұтпай мына тұрған Есентай інім жүген-құрық көрмеген не бір ту байтал мен бестілерді бай сұраса қасқыр жеді деп әкеп жыққанда, Алланың әмірі әлгінің етін жеген сайын ішімнен жылмай өтуші еді. Соған қарағанда, кісі ақысы маған кісәпір болса керек. Оның бұл сөзіне былайғы жұрт тағы да ду күлген… Е, ол оқиғаға талай уақыт болды ғой… С.Баяз. ~ — Өткен жылы тақ осы арада, өзіңдікі өзіңе бұйырмай өртеніп өлгір, дәл үйдің іргесінде айғырымызды атып, жылқымызды айдап әкітті. Жылдан асып барады, қарағым. Алты-жеті қара ұшты-күйлі жоқ. Малмен жан бағып отырған адамбыз ғой. «Кісі ақысының киесі бар» деуші еді, зауалын құдайдан табар, — деді. Ж,Баш. ~ Бөлекбай терең күрсінген. Кісі ақысының тек Әділге ғана емес, өзгелерге де, оның ішінде өзіне де жақпағанын көзімен көрген. Тіпті, үлес ретінде алған екі жылқы, бір сиыр, он шақты қойына көп ұзамай -ақ бықпырт тигендей өліп, тігерге тұяқ қалмаған. С.Баяз.
