Ел қатарлы адам болды, санатқа қосылды. ~ Туған анам секілді. Осында келгенім сол кісінің арқасы… Шынтуайтқа барғанда інісін емес, мені жақтайтын… Жассың әлі, оқы… кісі бол… балаңды мен асыраймын… ─ Сөзі осы. С.Шай. ~ Дәл қазір жұдырықтай бір қант сындырып әкелсем, мына қыздың алдында кәдімгідей кісі болып қалар едім-ау. Ш.Мұр. ~ Ой, мына боқмұрын да кісі болып, ел басқарыпты-ау. Немене, қайдағы тығындыларыңды мен қопарды деп естіп едіңдер, — деп орнынан ұшып тұрып текеметтің қайырылған шетінен ұстай арбаға отырмақшы болды. С.Бег.
