Posted in

КІСІ КИІК

Жұртпен жұғыса алмайтын, көпшілік ортадан аулақтап, сырттап жүретін адам. *Алдарынан қарсы алып, шашу шашпақ түгілі, суы кермек, көбінесе ащы келетін құдығына жолатпайтын адам шошырлық кісі киік жандар. С.Жүн. ~ Құтылар ма екем жалыннан ішті шарпыған, Жөнеп бір кетсем жоғалған көштің артынан. Тылсымнан бірақ таптырмас кісі киіктей, Айырған дүние атаның дәстүр-салтынан. Н.Айт. ~ Адам әр қилы. Жаныңды ұғып, қабағыңа қарайтын тілеулестер азай- маса, көбейе қоймайды екен. Неге олай? Бір сөзбен жауап беру қиын. Бала күнімнен кісі киік саяқ өскенімнен бе, жұртпен араласу маған күшке түседі. Ө.Кәр.