Posted in

КІШКЕНТАЙ АДАМ

Атақ-дәрежесі төмен, тірлігі қарапайым, елене бермейтін адам. * Тағдырдың жазуы осы шығар. Қоңқай шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, Үлкен өмірге барғым келмейді. Үлкен өмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады… Хош. Ендігі келгеніңде бұл жер – аманжан асуы аталады. О.Бөк. ~ Жазушы Балабек өз ауылы, ауылдастары жайлы роман жазып бітірген. Ойында сонау жиырма-отыз жыл кейінде, құм жоталар-дың иірінде қалған кішкентай адамдар мен күйкі тірліктің болмыс-бейнесін жаңсақ көрсеттім бе деген қаупі бар еді. Түс те қызық қой… Ж.Нәж. ~ Сенің бір қайғыңды, бір қуанышыңды жазамын. Менің күрделі образ жасауға дайындығым өзің сияқты кішкентай адамның бірер сезімін суреттеуден басталсын. — деп түйді. З.Қаб.