Posted in

КҮДІГІ (КҮДІК) КҮШЕЙДІ

Сенімсіздік артты, күмәні көбейді. ~ Бұлардың бәріне, Мақсұттың нашар науқасының үстіне, түйін болған нәрсе — бүгін таңертең доктор келіп, ауруды қарап: «Емдеуден өтіп кетіпті, өледі», — депті. Сондықтан бәрінің іш күдігі күшейіп тұрған. М.Әу. ~ Сөйтіп отырғанда ас та келді. Тамақтан соң Балпан байдың көңіліндегі күдік тіпті күшейді. Таң атқалы арғы-бергіден әңгіме қозғап отырған қонақ табақ қайтқан соң, бір сәт тынып қалды. Ә.Кек. ~ Иранның ядролық нысандарына қатысты күдік күшейді. БАҚ.