Posted in

КҮДІКПЕН ҚАРАДЫ

Сенімсіздік танытты. ~ Ал, жарайды, Геродотқа күдікпен қарайық. Ал белгілі геолог С. X. Болл бір ғана Жезқазған
төңірегіндегі кен-қазба қалдықтарын зерттей келіп, біздің заманымызға дейін миллион тонна кен өндірілгенін, одан ондаған мың тонна жез алынғанын анықтап отыр. М.Қаб. ~ Бұл жерге өз бетімен келіп жұмысқа тұру сирек ұшырасатындықтан да (немесе ондайдың мүлдем болмайтынынан) әрбір жаңа адамға біреуі үмітпен, біреуі күдікпен қарап әдеттенгенге ұқсайды. С.Им. ~ Бауырым Ауырған шамалы Бір тісін тастады жұлғызып. Тісіне күдікпен қарады, Ой келіп өзіне бір қызық. Қ.Бая.