Аттың желкесін тұтас жапқан, қалың, қайратты жал. ~ Оның зекіген даусынан жылқылар қаймыға қойған жоқ, осқырынып шамданғаны да байқалмады, күндегі үйреншікті байбалам болар дегендей, енжар басып қақпадан кері бұрыла берді, құлағын жымитып, тебуге ыңғай білдірген тек күдіре жал кәрі қарагер бие ғана. Л.Толс. ~ Астындағы күдіре жалды жатаған күрең қасқа ауыздығын қарш-қарш шайнайды. С.Ом. ~ Көлді көргенде Жаманбайдың көңілі сергіп, қабағы жадырап кетті. Астындағы күдіре жал, тобылғы торының басын ірке берді. С.Ом.
