Күйкі өмір, тынымсыз, берекесіз тіршілік. ~ Кикілжің тұрмыс, күйбең тірлік ақиқатты ұмыттырады. Сенімнен ажыратады. С.См. ~ Күнделікті өмірдің күйбең тірлігі серт пен сезімге сызат түсіреді. С.Досан. ~ «Өмірі дау- жанжалдың не екенін білмейтін күнделікті күйбең тіршіліктің дағуасын қуып, өз еңбегімен күн көріп жатқан момын жан едім. С.Ом. ~ … енді бір сағатта бозамық дүние әппақ атқан таң болып, адамзаттың өмірі таусылмас күйбең тіршілігі басталады. Қ.Түм.
