Posted in

КҮЙЕДЕЙ ЖҰҚТЫ

Жабыса қалды; басы пәлеге ұшырады. ~ Ақбілек: Күйедей жұқты оған жапқан жала, Ұстауға комиссарды кісі шықты. Бір сылқым тергеушісі жас бозбала Бұл істе бола қоймас тақа ұқыпты. І.Ес. ~ Сол көзқарасымыздан талай ағаттық та, ақымақтық та жіберген болармын. Қитықтан ситық тауып, күйедей жұққан, аңғыртқа шапқан, домбайдың әңгісіндей ұрынған жерім болған емес. Б.Қыд.

  1. Жұғымды, сіңімді болды, жақсы қабылданды. ~ Міне, осы зиялылардың басындағы идея, көкірек кернеген қыжыл Жағда сияқты талантты жастарға әсер етпей қойған жоқ. Тіпті, күйедей жұқты десе де болғандай. Қ.Жұм.