Posted in

КҮЙЕК АСТЫ

Астыртын, жасырын, заңсыз. ~ Енді жесір қалды. Байсыз отыра беретін жаста емес, байға ашық түрде тимегенмен, күйек асты біреусіз отыра алмайды. Мен неге болмаймын, сонысы?». С.Мұқ. ~ Ақша, бұл “күйек асты” көп жол тауып би, болыс, атқамінерлердің көмейіне жүріп жатқан. М.Әу. ~ Әлде… әлде сол шіркіндер күйек асты күн көргені ме? Ұрланып бүркеніп, бүркеніп бой жылытып, бүркеп жауып жүре ме екен? С.С. ~ Күйек астынан туған үлкен ұлы Лама Доржи он тоғызда, ортаншы заңды ұлы Цеван Доржи он үште, ал кенжесі Цеван Даши небәрі жеті жаста болатын. Қ.Жұм. ~ Келешекте алдарын орап кетер Абылайға әлгі сұлтандар бүгін күн көрсете қояр ма? Тендік бере қояр ма? “Атасы билік құрмаған, анасы үлгі көрмеген жүн басты, күйек асты шатаның құзырына байланар болса, құтырынған иттей қазір неге
шайнамасқа жас құлақ пен жау алқымды” дейді олар. С.См. ~ Тіпті басқасын айтпағанда да қай қазақтың жесірі күйеуінің жылын тоспаушы еді? Суық қойнын қайсысы жылытушы еді? Әлде…әлде сол шіркіндер күйек асты күн көргені ме? С.См.