Қойды мезгілінен бұрын қашырмау үшін қошқардың беліне киіз байлау. ~ Қойлар көктемсіз төлдемес үшін, қошқарға күз айларында күйек байлайды. Қыс туатын қойшылар «арамза» аталады. жүдеубас болады. С.Мұқ. ~ Болған хал былай екен. Жұман қойда жүрген баласы Месқараға келсе, ол «осы текелер қойға маза бермей қовды» депті. Күйек байлауға кешіккенін енді сезген Жұман төрт текені үстатып алып, қарағанға байлатып қойғаны сол екен. М.Әу. ~ Бекет оған аларып қарады да қойды. Соқадан бұрлыққан ала көз өгіздей бақырайып, сілейіп отырған жігіттің жанарынан нұр да, ой да тапқан жоқ. Күнде басып жүретін сақал-мұртының бір қапталы көкала, бір қапталы жез, самайына шапқан ақты да Бескемпір бүгін көргендей. – Аузыңа ала жүннен күйек байлағанда аруақ қонады дедің е?!. Қ.Ысқ.
