Жалған айып тақты; қаралады. ~ Алдырған — албырт. Мал ашуы үстінде бұл қалмақтар көрінгенге күйе жағып отыр деп ойламаңыз, үкірдай. Қ.Жұм. ~ Онымен көңілі тағы тынбайды, тағы да күйе жұқтыратын, өз басындағы бүтін қырсықты бөлмей арқалататын айыпкер іздейді. Ж.Нәжім. ~ Күйе жаға айтылған сөздің астарында күйікті сыр жатқан. «әлде батыр Саянның қылығы рас па екен?» І.Ес. ~ Бет алысымыз коммунизм. Ал сіз өмірдің түтіні түзелмейді деп бүгінгі советтік жарқын өмір салтына күйе жағасыз. Қорықпайсыз ба? Н.Дәу.
