Posted in

КҮЙРЕК МІНЕЗ (КҮЙРЕКТІК) ТАНЫТТЫ

Жасық, бокемік, ынжық мінез көрсетті. ~ Ұзақ өмірдің талай өткелінен өтіп, жаман мен жақсыға да әбден еті үйренген адамның осындай күйрек мінез танытуы жайшылықтан болмас, сірә. З.Төл. ~ Әрине, бұл сияқты мәрттік, күрескерлік сезім оның балаң жүрегінде аяқ-асты оянған жоқ-тын; ол — талай рет тынысын тарылтып булықтырған, сарғайған ұзақ түндердің жемісі де болар; ол — тән азабы жанын қинағанда күйректік танытпай, шынығып, шыңдала түскеннен де шығар… З.Төл.