Ұсақ-түйек, күйбең шаруа. ~ Көркем шығарма күнделікті өмірдің күйтің тірлігін термелеу емес. Көркем туындының басты шарты — қоғамның психологиясын суреттеу, осы кезеңде өмір кешіп жатқан халықтың тыныс-тіршілігіне бойлау болып табылады. Қ.Жиен. ~ Неғұрлым қиындықты көрген сайын, мына заманның жеке бастың қамын ойлаған күйтің тірлігінің қарқын алғанын сезініп, жерінген сайын ол Қорқыттың ғасырлар тереңінен күңіренген өлмес, ұлттық рухына жақындай түседі. Қ.Жиен.
