Posted in

КҮЙІК КЕРНЕДІ (КЕУЛЕДІ)

Жүрегіне ащы шер қатты. ~ Жапырақ сәуле сүйіп дірілдеген, Жел шіркін жаны күйіп күбірлеген. Жерде су сылдыр қағып сүйінгендей, Кей кезде күйік кернеп күрілдеген. М.Жұмаб. ~ Деді де сол әлдекім сылқ-сылқ күлді, Сол күлу жүрегімді жүзге тілді. Күйік кеулеп, жүрегім от боп жанды, Жұбатуға сол кезде қайсың келді?! М.Жұмаб.