Posted in

КҮЙІК ТАРТТЫ

Қайғы-қасыретті көп көрді, қиындық кешті. ~ Амал не, жазмыштың басқа салғанын көреміз де. Бірақ Алла- тағала Маншың ұлықтарындай емес, әділетке қарайтын шығар. Бұл дүниеде күйік тартқан пендесін онда тағы күйдірмес. Қ.Жұм. ~ Сұрамай мені қайдан білдің танып, Көп жерден келіп тұрсың ашып-арып?! Тірідей тұл қалумен күйік тартып, Немене бар ма сорлы, анаң ғаріп? М.Ж.Көп. ~ Батыр Таяр, Машук қызын – Тірі әкеліп сөйлеткендей, Тартқан күйік заман зілін, Жыр қанатын серметкендей. С.Бег. ~ Қалды кейін тау оттары. Жиырма алты комиссарды Келеді айдап жау атқалы. Шулап теңіз тартты күйік Ащы даусы ұлып желдің. С.Мәул.