Біреудің көргенін басынан өткерді, әлдебіреуге ұқсады, әлдебір ұнамсыз жағдайға тап болды. ~ Оның айтып жүргенi далаға атылған оқтың күйін кешуде. Өйткенi құлақ асып жатқан ешкiм жоқ. Ж.Баб. ~ Меңтайдың күйін кешіп, осы күні тірі жүргендер де бар өмірде. Ендеше оны романдағыдай қайғылы халге ұшыратпауға да болатын еді. Ә.Нұрш. ~ Бірақ, Ақтілеу әжесі көкірегін оятып жібергенімен, мына алдамшы әлем көзін байлап, көкірегі сезгенді өзі көрмей тұмсығына іліккен тарыны да, тас түйіршігін де талғамай, таңдамай жұтқыншағынан өткізе беретін соқыр тауықтың күйін кешіп келіпті. Е.Әл. ~ Бір мұңыма ұласады бір мұңым, Күйін кешіп жүрген жанмын жындының. Қ.Осп.
