Еңбегі зая болды, босқа кетті. ~ «Айдаһар тастың» жанынан сәл арықтың ішімен су көтерілмей қоймады ма… Еңбектің бәрі күйіп кетті… Сонда, Зейнеп, сен жыладың, сен емес, еркектер біз… Ш.Айт.
- Күн шыжғырып тұр. ~ Құдайдың күні күйіп кетті ғой, – деп табалдырықтан сөйлей аттады Ғалымбек. С.Дос. ~ Апа, қымыз әкелші. Салған жерден сайрай жөнелетін сендер құсап салқын көлеңкеде саба иіскеп отыр дейсің бе? Құдайдың күні күйіп кетті ғой, тілім таңдайыма жабысып қалды. Ә.Кек.
3.Ызадан жарыла жаздады, ашынды. * Ойбай-ау! – деп Ғазиз күйіп кетті. – Ойбай!.. Қытай Шыңжаңды түгел жұтып қойыпты… Алтай қаласында қазақты көрмедік. Өңшең қысық көз, қисық тіс, кем иек қаптап кеткен. А.Алт. * Өй, әлгінде өздерің семіздеуін ат демедіңдер ме? Жаңағы шалдың қай жерін жейсіңдер, көк шандыр, – деп бұлтарған болып едім, біреуі күйіп кетті білем: – О, шалыңмен қосып әкеңнің дәп!.. – деп қатты боқтады… О.Әуб. * Көңіліне жақпаған жанға шекесінен қарап шыға келеді. Өзгеге қалай әсер еткенін кім біледі; әйтеуір Ықсан күйіп кетті. М.Сүн.
