Біркелкі қайталанған қимыл, әрекет туралы. ~ Естісе де естімегендей бірқалыпты терең тыныстап жата берді. Бұны “ұйықтап қалды” деп ойласын дегені. Оның күйіс қайырған сиырдай біркелкі ырғақпен шайнаңдағанын бірсыпыра естіп жатып, шынында да жеңіл ұйықтап кетті. Ш.Бейс. ~ «Темекі шегетін қызбен сүйіссем, күлсалғышты жалағандай боламын» деп бір ағам айтпақшы күлсалғыштың ролін атқарғысы келмейтіндері күйіс қайырған сиырдай болып, аузын арандай ашып, сағыз шайнап тұрған қызды көрсеңіз осы шылымқор емес пе екен деп қаласыз. БАҚ.
- Бір айтқанын қайталай берді. ~ Өнерден өзінің мұрнына иіс бармай тұрып, міне, аттай жиырма бес жыл бойына күйіс қайырған сиырдай реализм, натурализм, тағы сол сияқты бос сандырақтар турасында басқалар баяғыда айтып қойғанды қайталап айтумен келеді. Ә.Кек.
- Маңғаздана сөйледі. ~ Нұртай күйіс қайырған сиырдай ыңыранып, күңірене сөзін жалғады: − «Торыққан адам мелшиген қара тасқа да жалбарынады» деген екен, бақи дүниеден мәңгілік жай тапқан ата-бабаларымыз… С.Ом.
