Posted in

КҮЛКІГЕ ҚАЛДЫ

Біреуге мазақ болды. ~ Ваганов қабырғасымен кеңесті: жас баладай-ақ ағадан ақыл сұрағаным ұят болмас па екен? Күлкіге қалып жүрмеймін бе? В.Шук. ~ Әрі десе күлкіге қаламыз ба деп күдіктендік. Кезінде бір космонавт космоста жүргенде сиырдың мөңірегенін естіп, өзеннің жағасындағы шалғында жайылып жүрген малды көрген екен. Ш.Айт.

КҮЛКІГЕ ҚАЛДЫРДЫ

Мазақ етті. ~ Мен одан да нашар дүниелер естідім. Білем, сіздер Гарримен айырылмас доссыздар. Ең болмағанда, соның үшін де оның апайының атын аяққа таптауға болмайтын еді ғой. Өсек пен күлкіге қалдырмасаңыз болатын еді ғой. О.Уай.