Posted in

КҮЛКІ ТОҚТЫҚ

Көңілі жайлы, алаңсыз, күлкі аулаған адам хақында. ~ Ауырмай тәнім, Ауырды жаным, Қаңғыртты, қысты басымды, Сүйеніп күлкі тоқтыққа, Тартыпты өнер жоқтыққа. Абай. ~ Бұл суретке ұзақ үнсіз қарап тұрып бақыт, күлкі тоқтық дегеннің бәрін санамнан сылып тастап, өзім де біле бермейтін мәңгі шексіздікке, мәңгі тұманды сапарға аттанып кетуді көксер едім. О.Бөк. ~ Есін жиған соң: «Бірақ, – деді белін бекем буып, – бірақ сенің тентіреп кетуіңе мен ғана кінәлімін бе? мені қағанағы қарық деп кім айта алады… менің де арман – мақсұтым, таңдаған өмір жолым болған, менің де жарық дүние туралы өз көзқарасым, түйсіктүсінігім болған, рас, ерте үйлендік, мектеп бітіре салып, бірден жұмысқа кіріп, бірден тар төсекте табыстық; көзімізді ашып көргеніміз – оқу, қой; адамға, жас адамға керегі осы ғана ма… біз көп нәрсені,көп қымбаттарымызды күлкі тоқтықпен ерте жоғалттық… О.Бөк.