Жүзі жылып, күлімдеді. ~ Өз қолымда өскен, өз үйреншікті адамым, өз нашарымды неге жылатайын — деп күлмең қағып шытынған шырайы жылынып кеткен. І.Жанс. ~ Салиха күлмең қаға шаруаға кірісті. Түнде өзі мініп келген құлынды биені сауып, саумалын ашытып қойған. Ш.Құм.
- Ыржақтап, мәз болды. ~ Ән салып, би билеп, құлпырып жүріп қызмет көрсететін қос келіншектің қолынан шай ішкен меймандардың көңіл хошы көтерілмеуі мүмкін емес еді. Тіпті небір «күлмес хан» аталған тексерушілердің өзі күлмең қағып, көмекейлері бүлкілдеп қалатын. Е.Әл. ~ Атымтай селт етпеді. Ағасына қарап еді, оның да беті қалыңдап алыпты. Түк шімірігетін емес. Ханның алғысына бөленген бай-бағландар сараңдықтан алдарына жан салмағандарына мағұрланып күлмең қақты. Ө.Кәр.
