Posted in

КҮЛІН КӨККЕ ҰШЫРДЫ

Күл-талқанын шығарды. * Дәмімнің садағасы кетсін! Шық үйімнен, оңбаған мұндар!.. Тапқан екесін үзеңгі теңестіретін адамыңды! Көрерміз, тау құлатқаныңды! Күліңді көкке ұшырармын! C.Мұқ. ~ –Біз Шың Шысайды жетекші еткен Шығыс Шынжаңдағы бүлікшілерді жазалаушы қосын аттандырғалы жатырмыз, олар ертең-ақ ат төбеліндей сарт пен дүңгендердің күлінкөкке ұшырып, табанымен таптап өте шығады. Ж.Шәк. ~ Жәзираға мынау қария әзәзіл , мыстан кемпірден зұлым көрініп, жанын түршіктірді. Әлгі бір алдан сарғая күткен тәтті сезімнің күлпарасын шығарып, күлін көкке ұшырып жібергенімен ісі жоқ; бейкүнә күлімдеп қала берді. М.Сүн.