Быт-шыт қылды, тас-талқан етті. ~ Бұл кешелi бергi жеген таяғынан да әлеуеттi соққысымен күл-паршасын шығарып, күйретiп жiбердi. Екi бетi дуылдап, жанын қоярға жер таппады. Ә.Ыб. ~ Бұрынғы деканы Ерлан айтқанға көнбей, Алматпен төбелескенде, оны баспен бір ұрып көзілдірігінің күл-паршасын шығарған. Н.Абд. ~ Бір уақытта аспанның жарты бетін осып түскен найзағай оты жаңағы алып теректің күл-паршасын шығарып жанқадай шашып жіберді. С.Ғаб.
