Posted in

КҮЛ САБАДЫ (САБАЛАДЫ)

Қарғап-сіледі, лағынет айтты, жан даусы шығып зарланды. * Қай жерде өлең айтуға кезек келсе: Дәл тоқсанға келгенде торғайдайсың. Көшкенде өз атыңды зорға айдайсың. Қатын- балаң тіліңді алмаған соң, Күл сабап, ат басында ойбайлайсың, дей беретін ем. М.Дәул. * Қыз өсіріп отырсыз құтқа балап, Құда түсіп қалмайық жұрт сағалап. Пайғамбар да күйеуін сыйлапты дейт, Күні бұрын қайтесіз күл сабалап!.. Қ.Ысқ.

КҮЛ САБАП ҚАРҒАДЫ

Біреуге өкпесін айтып зарлады, лағынет айтты. * Сүйектерді көргенде сауынсыз, көліксіз қалған ел аналарының күл сабап қарғап отырғаны есіне түсіп, көзіне елестеді. Қ. Тоқм.