Сезігі сейілді, кәміл сене бастады. ~ Енді еш нәрсенің де қауіп емес екеніне күмәні қалмаған аман зор сенім, қарышты қадаммен алға, тек қана алға аяңдады. О.Бөк. ~ Жәділ мен Николай шарбақ жақта ұзақ кідірді, олар кідірген сайын Шура жанын қоярға жер таппаған, шарбақ жақтан Бураш келіп, Сапар ағаны шақырып кеткенде іс насырға шапқанына күмәні қалмаған. Ә.Тар. ~ –Е –е, апыр-ай, ә? Манағы әйел?.. Бұл үйге асықты. –Апырай, ә? Бұл сонда…Еренғайыптың, жоқ мүмкін емес. Айтқожа: «Алда жарықтық-ай, өлгенің тіріліп, өшкенің жанды», –дегенде манағы жолаушы Еренғайыптың келіншегі екеніне күмәні қалмады. С.Баяз.
