Кәміл сенді. ~ …байы тұрғанда қатынының суырылғанына да көп жол бере бермейтiн дәстүрiн ұстана қоймаған ақ тоқалдың сөзге араласқанына қарап, қонақ жiгiт те келiншектiң бұл үйде қадiр– қасиетiнiң молдығына, өзiн еркiн ұстайтынына күмән келтiрмеген. К.Сег. ~ Әке–шешесі балаларының жақсы адам болып шығатынына күмән келтірмеді. І.Ес. ~ Тағы жануардың бірі болса әлдеқашан жалт беріп, жайына кетер еді. Енді жаңағы сөздің иесі осы мақұлқат екеніне күмән келтірмеді. Ә.Ыб. ~ Ақ көкірек әкесі әлі есінде… атын да ұмытқан жоқ. Құмар әкесін жанындай жақсы көретін. Ал Дәлду шешесінің шын аты ма әлде жұрт тентек мінезіне қарай атап кеткен бе. Құмар сол жеріне күмән келтіреді. Шешесінің талай шашынан сүйреп сабағаны есіне түссе, жүрегі әлі күнге зырқ ететіндей, сонда көбіне жазықсыз күйдіретін еді. З.Шүк. ~ Ұланбайтақ Монғол елінің қиыр батысында Алтай жоталарын бойлай елу мыңға жуық шаршы шақырым аумақты алып жатқан Баян-Өлгий аймағының он үш шағын ауданының бірі, аймақ мекен-жерінің алтыдан бір бөлігіне таяу өңірде орналасқан осы Цэнгэлдің жері ғаламшар бетіндегі төрт құбыласы сай келген жерұйық арда мекендердің бірі десек ешбір жан күмән келтірмес еді. Ш.Рах.
