Posted in

КҮМӘН ТУҒЫЗДЫ (ТУДЫ)

Күдік пайда болды. ~ Бұл өте қымбат жүзік. Ақылға симайтындай қымбат. Алайда, өкінішке орай, бірде–бір каталогта аты аталмайды. Сонысымен күмән туғызады. Түсінесіз бе? Т.Әс. ~ Менің осы ұғымыма алғаш сызат салып, күмән туғызуға себеп болған — Сараның батыл ойлары, көркем ұйқасқан шумақтары. Ф.Оң. ~ Менің есімде қалғаны алтын табақ ату жүлдесі кіші жүз жігітінікі, бас балуан бәйгесі жықпай алған Дадан балуандікі болды, енді ат бәйгесіне келгенде күмән туды. Т.Жұрт.

КҮМӘН ТУҒЫЗБАДЫ

Сенімді, күмәнсіз іс туралы. ~ Жазықбайдың жазықсыз адал жан екеніне мына келтірген дәлелдер ешбір күмән туғызбады. С.Бег. ~ Есте қалмаса да, сананың әлдебір түкпірінде тұнып тұрмақ. Ал дүние есігін ашқан сәбидің болмысы күмән туғызбаса керек. М.Мағ. ~ Жерде жатқан орамал да ешқандай күмән туғызбайды. А.Крис.