Posted in

КҮНДІК ІСТЕДІ

Ақысын қолма-қол күнде беретін жұмысқа жалданды. ~ Тағы болып өскен ол Женевада күндік жұмыс істеп тапқан ақшасын ішкілікке салады, жауыздық тіршілікпен жүріп, ақыры бір шалды өлтіріп, тонап тынады. Оны ұстап алып, соттап, өлім жазасына кеседі. Ф.Дос. ~ Жеке адамның шаруасын, жұмысын істеп, күнделікті төлемін алып отырды. Батырақпын. Күндік істеп күн көрем. І. Жанс. ~ Жиау-пиің тас жолына келгенде ғана әңгімесі жүйеге түсті: «Жол салынып, біздің ауылдың тұсына келгенде… гаулияң белуарға жетті… бұғанасы қатқандардың бәрін жау айдап апарып, жұмысқа салды… күндік істеді… бәрі керібағып, жалтақтық танытты… сендердің үйдің екі үлкен қара қашырын да әкетіп, еңбекке жекті… М.Янь.