Posted in

КҮНІН КЕШТІ

Біреуге ұқсап өмір сүріп жүр, біреудің көргенін көріп жүр д.м. * Адалдықтан арамдық биік өсіп, Жаралының келемін күйін кешіп. Егін бітік шыға ма, Тұрса егерде, Арам шөптің арамза құйыны есіп. Р.Ниязб. ~ Ал, енді айтып-айтып не керек. Жағдай өзіңе белгілі. Айдалада түртпектеп әйтеуір өлмешінің күнін кешіп жатырмыз. С.Жүн. ~ Амал нешік жігіттер, өзге елде өгейдің күнін кеш жүрген жоқпыз ба? – деп ақырын сыбырлаған, қара мұртты жуан жігіт: «Мен сөйлесіп көрейін», –деп ішке енді. Н.Абдыр.