Posted in

КҮНІ БАТТЫ

Соңғы күні туды, уақыты, заманы өтті. ~ Халық боп, халықтан шыққан біз боп бостандыққа ұмтылып ек, созған арманға қолымыз еркін жетті, кедейдің күні туды, байлардың күні батты. С.Мұқ. ~ Бүгінгі жұртшылық нарық заңдылығына мойынсұнып, ілкемділік, іскерлікке жаппай бет бұрған кезеңде поэзия жасаушы ақын да, өнер адамдары — әнші, сазгер әртіс те, күні батқан кешегі коммунис те: депутат, сенатор, дипломат сынды қоғам қайраткерлеріне айналып шыға келеді. Т.Жүс.