Posted in

КҮНІ ТУДЫ

Аңсаған уақыты келді, арманы орындалды. ~ Енді тергеушінің күні туды. Сағаты соқты. Кешегі бұны көзіне де ілмейтін сұңқар ақын бүгін, о, жасаған, тәуба, бұның илеуінде жатты. С.См. ~ Біздің «Алаш» автономиясы әлі жарыққа шыққан жоқ. Рәсімі жария етілсе біздің басымызға да Түркістан, Сібір күні туа ма. Ол белгісіз. С.Сей. ~ Енді кедейдің күні туды, жолдастар! Бүгіннен бастап Жалаңашта еңбекшілердің мүддесін қорғайтын революциялық кәмитет, яғни ревком құрылады. Б.Нұрж.