Posted in

КҮНІ ӨТТІ

а) Уақытын әлдебір бір болымсыз іске жұмсады. ~ Бірақ бүл буынның адамның тәжірибесі, тәрбиесі жетілмегендіктен істеген ісінде үстірттік, төселмегендік көп шығып, ойлаған мақсатына жете алмай, ескі өмірдің жауыздығымен алысуымен күні өтеді. Ж.Айм. ~ Кедей жерден шықса да, кісі есігінде жүріп күні өтсе де, Дәметкендегі жалғыз қасиет —тазалық, ептілік еді. Б.Майл. * Мыңды айдаған байдың баласы болса да, аузы асқа жарымай тулаққа шашылған бидайды жүннің арасынан теріп жеумен күні өткен сорлының құлқыннан басқа қайғысы жоқ еді. Т.Сәу. * Бірақ, кез-келгеннің жылқысын бағып күні өткен Бозорыстың аты бір шықпайды. З.Шүк.

ә) Заманы, жақсы күндері артта қалды. Дәурені өтті, болашағы жоқ. * Еркекке тіс те керек, іс те керек. Білек те керек, жүрек те керек. Күні өтіп бара жатқан кәрі тарланда мұның, бәрі де бар екен әлі. Ғ.Мүс. * Сонан кейін, е, тәйірі, біз сияқты күні өткен біреу болмаса, өздеріңдей келешегі алдағы азаматтың тұрған жері де туған жерден кем боп па еді? Ә.Нұрп. * Түпкi мақсатқа жету үшiн қандай айла қолдансаң да айып емес. Қонаев – күнi өткен адам. Осы өмiрiндегi көрген қызығы да бойына құт. Т.Сәук.