Posted in

КҮН (АЙ) СӘУЛЕСІНЕ ШОМЫЛДЫ

Күннің не айдың мол жарығында бой көрсетті. ~ Күн сәулесіне шомылған көштің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. І.Ес. ~ Мезгіл – жаз. Мөлдіреп атқан сахараның ғажайып сұлу таңы. Шашырап шыққан күн. Сол күннің риясыз мол шуақ сәулесіне шомылып көшкен ауыл. С.Ел. ~ Қоңырауы сыңғырлап айдың әлсіз сәулесіне шомылып түнгі салқында қыбырлай жайылған қара қойлар. С.Ел. ~ Шаңырақтан түскен ай сәулесіне шомылып, нағыз бір түнгі періштедей қолаң шашы жерге түсіп не істерін білмей, үй ортасында тұрған жас сұлуға сұқтана тағы бір қарады… І.Ес.