Ымырт түсті, қараңғы үйірілді. * Бірақ, күн батып, қac қарайып, көктегі жұлдыз жылтылдаған соң, Ұждан шәһәрдің әр көшесін аралай бастаушы еді. Шәк. * Күн батып, қас қараюға айналған кезде бақша мезгіл сайын жанданып, ыстық лепті тіршілік қызуымен ажарланып келе жатқан. М.Әуез. * Балалардың киімдерін жамап-жасқап, тамақтандырып ұйықтаттым. Сиыр саудым, малды жайладым. Әне-міне дегенше күн де батты, қас та қарайды. М.Сүн.
