Күнкөріске жетерлік қана азын-аулақ мал. ~ Үйінде азын-аулақ күн көргіш малдары болса да, Әзімхан әр жерге жүріп үйренген еді. С.Сей. ~ Тоқсанбай асып кеткен бай кісі емес. Шындығында күн көргіші өзіне мол жететін орта күйлі шаруа. С.Омар. ~ Екі түйе шала көтерем болып қыстан шықты. Сөйтіп күздігүні әжептеуір күн көргіші бар үй едік, таза тақыр кедей болып шыға келдік. С.Бег.
