Көзін алақанымен қалқалай қарады. ~ Енді ол екі жігіттің сөзін бөлді. Өзі алдағы қыраттау бір тұсқа көз салып келе жатыр еді. Қазірде сығырая түсіп күн салып қарап, бір нәрсені болжап алды да, үнді даусымен көтеріле сөйледі: М.Әу. ~ Көріксіз ауыл көрінгенде ол әдемі хиялдан іштеме қалмады. Әкесі күн сала қарап тұр екен, күлімсірей көтеріп алды аттан. Бастығы Махамбетше болып жиналып қалды ауыл. Ғ.Мұст. ~ Алыстан байқап келемін, әлгі кісі оқта- текте күн салып жан- жағын болжаған болады. Кім болса да мені тағатсыз күтіп отырған біреу. Бұл қай шабарман? Әлде Ералы достың жіберген кісісі ме? Ә.Асқ. ~ Бұқалайы қырқынан шыққанда батасын беріп еді, сонан бері де зымырап жеті он екі ай өтіпті. Көзіне күн салып қарайды. Сірә, Сағындықты даусынан таныса керек. Қ.Түм.
