Posted in

КҮН СҮЙДІ

Күн нұрына бөленді, күнге күйді. ~ Биыл көктемде сол үйдің ішінен ілгектеліп тасталған ағаш терезелері шалқайта ашылып, əйнектерін күн сүйді. С.Досж. ~ Келіншектің жұп-жұмыр жалаңаш иық, қос анары томпиған жартылай ашық омырау, қолдарын шыныменен күн сүйіп қызартқан екен. С.Ел. ~ Біздің қала! Міне, ол алып тұлғалы Алатаудың етегінде күн сүйіп найқалып тұр,— деп Жомарт чертежін жайып салды. Ә.Әл.