Posted in

КҮН ТӘРТІБІНДЕ (ТҰР)

Қаралмақ, талқыға салынбақ мәселе. ~ Колхоз председателі: ─ Колхозшылардың жалпы жиналысы ашық. Күн тәртібінде… ─ деп аңырып қалды. ─Ойбай-ау, қарайтынымыз не мәселе еді? С.Шай. ~ Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын. Күн тәртібінде бір-ақ мәселе – тәр­тіпті, үлгілі оқушы болу үшін мен бұдан былай не істеуім керек? Б.Соқ. ~ Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді когнитивтік-семантикалық талдаудың алгоритмін қалыптастыру күн тәртібіндегі мәселе екендігін айтқан жөн. Г.Смағ.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТҰР

Өзекті, шешуін күткен мәселе туралы. ~ Жазушыларды жаңа заман шындығына жұмылдыру, күн тәртібінде тұрған басты міндет болғанымен, әдебиеттану ғылымы жазу өнерінің нақты көрінісіне мән бермей кете алмас. Ж.Шәк. ~ Ресейде балаларды пайдаланып, қайыр тілеген бизнес тым белең алғандықтан, ересектерді қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Біздің елде де осы мәселе күн тәртібінде тұр. Ж.Аязб. ~ «Вьетнам халқына жанашырлық танытқан майдангерге мың да бір рахмет! Бірақ, дәл қазір халықтан жәрдем жинау күн тәртібінде тұрған жоқ. Қ.Жұм.