Ауа райы оңалмады, аспан ашылмады. ~ Сол-ақ екен, ал қара жаңбыр жаусын келіп. Сол жауғаннан мол жауып, күн қабағын екі жеті ашпай, көз жасын сорғалатты па тұрды. К.Қаз. ~ Күн қабағын ашпай тұр. Бұл бұлттың қар ала келетіні анық еді. Таң атқалы жел терістіктен ауған жоқ. Ала құйын бұрқасын басталады… З.Шүк. ~ Күмәнданған көңілге сенім аялдамайды. Аспанды бұлт торлап, күн қабағы ашылмағандай, менің көкірегімді де уайым басып, көңілім жүдей берді. І.Ес. ~ Соның өзіне суға малып алғандай болды. Күннің қабағы ашылар емес. Сорғалап тұрып алды. Т.Сәу. ~ «Аспанның түрі мынау: сұп– сұр болып, мұнартып тұрғаны. Күннің қабағы бір жадырамайды. Ажары бір кірмейді. Артында тағы зілі бар ма, əлде немене… Ж.Айм.
