Ымырт үйірілді, кеш батты. ~ Ал отырмайық, күн қайтып бара жатыр. Мен өрістегі малға адам жіберейін. Мұғалім құданың тойына кешке жиналамыз. Қазір тағы біраз өрлеңдер, – деді бригадир. Ш.Мұрт. ~ Есін жиып, жан-жағына қараса — күн қайтып барады екен: “Қанша отырғанмын мен мұнда, сәске түсте келген сияқты едім ғой! Күн қайтып барады… қайтып… Мен де қайтып… қайту… айту… ту… ту… түу… тумадым ғой, мен тумадым… туғанымнан кем бе еді Сәнияшым, туғанымнан артық еді ғой Сәнияшым… Ә.Тар.
