Күні бойы. ~ Алматыға кезекті іссапармен бір барғанымда жалбыр шаш сондай бір таныс жерлесіммен күн ұзақ сырласқаным бар. Ә.Асқ. ~ Жанәли келді, естіді күн ұзақ тырс етпей жатты, ақырында Майқорыққа барды… Ә.Тар. ~ Күн ұзаққа етік тігіп, көзі талған, қолы қалжыраған Жәуке қарлығаштың қанатындай қиылған сұлу тарлан мұртын ширатып, бір ауық тыныстап отырған. С.Омар. ~ Өзім құрлы – дәуреннің төлі қайда? Көп құрбыңның думанды көлі қайда? Күн ұзаққа күйімді күмпілдетіп, Ақ жем болған саусақтың сөлі қайда?! Т.Әл. ~ Осыдан Шәлтік күн ұзын сол есік аузында бүк түсіп жатып қойды. М.Әу.
