Кеш батты; ымырт түсті. ~ Аптап ыстық сәл бәсеңсіп, күн ұясына қона бергенде жолға шықтық. C.Шай. ~ Күн ұясына қонып, төңірек алагеуім тарта бастады. С.Мұр.~ Күн ұясына кіре бере былтыр ағасы жығылған қорымға жетті. Қ.Мүб.~ Күн ұясына батып, қараңғылықтың түскенін олар аңдайтын емес. М.Сүн. ~ Лақтың маңыраған даусынан оянса, қаракөлеңке түсіп қалыпты. Күн ұясына отырған. От сөніп қалыпты. Ү.Жәл.
