Posted in

КҮН ӨТКІЗДІ

Күнін көрді, тіршілік етті, күнелтті. ~ Бұрынғы жайраңдап жүретін қалып қайда? Еңсесін көтермей, қабағын түйіп, аһлап-уһлеп, мүсәпірсіп мұңайып төмен қараумен күн өткізе бастады. С.Тор. ~ Енді өзіңіз жіберген қу моланың суретіне табынып, жылай да зарлай күн өткізгеннен басқа мен сорлыда не қалды. С.Ом. ~ Бақытсыз қала Вакхқа кеп құл қамытын алған да, Ұзақ жылдар тентіреумен күн өткізген жалғанда. М.Мақ.