Екі қолға бір жұмыс қай жерде де табылады д.м. ~ Одан да сөзді қойып, колхозға көшеміз. Күрекке боқ табылмайды деп қорқасың ба? Ел іші алтын бесік, бізге де өгейлік қылмайды. Т.Ахт. ~ Ондай ойы болса, бітеу жарадай сызданбай, «керегің жоқ, кете бер» демей ме? Олай десе, «күрекке тезек қашанда табылады», Бөкен мана кеште- ақ өз жөнін табар еді… Д.Әш.
КҮРЕККЕ МАЛАҚ ТАБЫЛАР
Күнкөріс көзін табуға болар д.м. ~ Жайрап қайтам ба деп күманданатын сайраққа жиналған мен емес, екі қолға бір бейнет, күрекке малақ табылады дағы. Б.Қыд.
