Posted in

КҮРЕҢ ҚАБАҚ

Жабырқау, ықылассыз, дүрдараз. ~ Күйсе жалғыз күн, түні; Басын қорлап ер көңілсіз (Өз тағдырын қарғыстап), Суық, күншіл, ашулы, үнсіз, Күрең қабақ. Мен сол тап. І.Жанс. ~ Елдің қарны ашалаң. Әсіресе байдан ақысын ала алмаған, соғым соя алмаған жарлылардың үйі күрең қабақ. Сағындық сияқты байдың үйіндегі қап түбінде аз күнге жетер-жетпес тары қалған. І.Жанс. ~ Жаңағы жанжалдан үрейленіп қалған үйдің іші қалбаңдап барынша қызмет істеп жүр. Бірақ, бізге күрең қабақ. «Кісімізді қуды» дегендей наразы-ақ. С.Бег. ~ Балалығын ойласа, күрең қабақ ылғи бір жоқ-жітік, жүдеу тіршілік есіне түседі. Бүйірі шығып ас ішіп көрген емес. Т.Сәу. ~ білем, сен талығып қатты шаршар едің, ал мен үйде ерігіп отырмын ғой, мүмкін содан шығар жайымыз жарасқан емес, ылғи күрең қабақ жүретінбіз… О.Бөк.~ Олжас тығырыққа тiрелгендей күй
кештi. Түзде түртпек, айқас, күрес, үйге келсе, үйдегiлер күрең қабақ. Енесi тыржиып терiс қарайды. Т.Сәу.

КҮРЕҢ ҚАБАҚ БОЛДЫ

Дүрдараз болды, араздасты. ~ Қой енді, қойсаңдар қайтеді осы шиеленіспей… Біз Шөмекей арадағы момын елміз. Екі ағайын екеуіңмен де сыйласпыз, сүймейміз осы күрең қабақ болғаңдарыңды… М.Әу.