Posted in

КҮРІШТІҢ АРҚАСЫНДА КҮРМЕК СУ ІШЕДІ

Біреудің еңбегін пайдаланып кету, біреуден жақсылық көрі хақында. * Көп жұмысты екеуі селбесіп тындырмақшы көрінеді. Айдекең оны жақсылыққа жорыды: “Я, сәт сағат! Бүгін оң жамбасыммен тұрған екенмін. Бұларды шаңарағыма Құдай айдап келген екен-ау! Күріштің арқасында күрмек су ішеді ғой. Азу тісі алты қарыс секратар, кімге жонынан сипатушы еді? Қанат мұны қас-қағымда мұрындықтап, желпілдетіп жетегіне қалай ала қойды екен, е?! Т.Рыск.

КҮРІШТІҢ АРҚАСЫНДА СУ ІШКЕН КҮРМЕК

Біреудің есебінен күн көру. * Тасмағанбет анда-санда тілін сұғып алады: “Күріштің арқасында су ішкен күрмек-ау, қашанғы өстіп күнелтер екенсің?” – деп. О.Сәрс.