Кінәлі қылды, жала жапты, жазықты етті. ~ Сенің көп өтірігіңнің бірі шығар. Бізді күстана ету үшін ойлап тапқаның ғой. Тіпті қисын жоқ. К.Қаз. ~ Ә-әһ, бұл сұрағыңның жөні басқа. Әуелде менің тегіме, затыма, әкем марқұмның жалшылығына қарамай бәрің күстана қылдың. Байдың баласы, жаттың баласы, табы басқа деп, бәрің соңыма түскен жоқсыңдар ма. С.Жүн. ~ “Иә, масқара қылып, қорлап алып, енді менің өзімді күстана қылмақ қой” дедім ішімнен, кенет тұла бойымды сойқан бір ашу кернеп кетті, оған еш уақытта да мұндай ызаланып көрмеген шығармын. Л.Толс.
