Posted in

КҮШІН ЖОЙДЫ

Заңды күшінен айрылды, жарамсыз деп танылды. ~ Бұл жөнінде шыққан үкіметтің қаулысы бар, жігітім.
— Ол қаулы күшін жойған,— деді Ахтан. Ө.Кәр. ~ Егер көшеде айдары жоқ адам кезіксе, сотсыз, сұрақсыз табанда басы кесіледі деген қатал заң шыққан. Сол заң осы күнге дейін күшін жоймай келеді. Қ.Жұм.

  1. Әлсіреді, күш-қасиетінен айрылды. ~ Шидің іші құмақтай емес, салқың. Тау жақтан леп бар. Шилердің күлте мұрты жабыр–жабыр етеді. Тал түсте күшін жойып алатын көк исі де енді–енді қайта тіріле бастапты. Ә.Кек.