Posted in

КҮШ БЕРМЕДІ

Ырыққа көнбеді, төтеп берді. ~ Біраздан кейін осы көбіктен қылдырықтай қызыл бас, ақ құрт шығады да, аздан кейін шегірткенің балапанына айнала бастайды. Қанаты үлкейіңкіреген кезде өсуге айналады. Сол кезде біз бұларды айдап, маңайға үйген қу қамысқа тығамыз да, қамысты өртейміз. Солай жоймасақ, қанаттанып ұшқан соң күш бермейді. Егер ұшырсаң-ақ, егін-шөптен түк тастамай отап, өрт жүргендей тып-типыл ғып кетеді… С.Мұқ. ~ Тас маңдай тажалдай күш бермей бұза-жарып iшке ентелеген темiр қалқандарды таяқ-тастар сарт-сұрт төпелегенде, даңғырлаған дыбыстан аспан жаңғырықты. Т.Сәу.